08:06, 06 Маусым 2014 | GMT +5
Алматыда өнер жұлдыздарының қатысуымен Қанат Ибрагимовтың шығармашылық кеші өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 маусым күні Алматыдағы Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «МузАрт», «Нұрмұқасан» секілді топтар әндерін орындап жүрген белгілі сазгер Қанат Ибрагимовтың «Сенің көзің...» атты шығармашылық кеші өтеді.
Бұл туралы qazaq-alemi.kz хабарлайды. Қанаттың алғашқы кешіне Мақпал Жүнісова, Рамазан Стамғазиев, Бекжан Тұрыс, Досымжан Таңатаров, Нұрлан Албан, Ардақ Балажанова, Асқар Жүнісбеков сынды халықтың сүйікті әншілер мен «Музарт», «Тарту», «Жетісу», «Нұрмұқсан» топтары және басқа да өнерпаздар қатыспақ. Сондай-ақ кештің шырайын өнерлі балғын, сазгердің туған ұлы Ермек Балжігіт ашады деп күтілуде. Айта кетейік, бұл талантты өрен өзінің жастығына қарамастан осыдан бірер жыл бұрын тұңғыш кешін өткізіп те үлгерген еді.