Алматыда өнеркәсіптің дамуы былтыр 11 пайызға төмендеді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда өнеркәсіптің дамуы 11 пайызға төмендеді. Бұл бүгін қалалық әкімшілікте өткен 2008 жылдың қорытындысына арналған алқалы жиында айтылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Өндірістің қысқаруы негізінен азық-түлік өнімдерін өндіруде тіркелді. Ол өндірістің жалпы көлемінің 37,1 пайызын құрайды. Одан кейін мұндай ахуал ішкі сұраныс пен кәсіпорындарды несиелендірудің төмендеуіне байланысты құрылыс материалдары мен машина және құрал-жабдықтар өндіруде де көрініс тапты. Ал жағымды ахуал өндірістің электр энергиясын өндіру мен бөлу және газ, су өндірісі салаларында байқалды. Онда өсім 15 пайызды құрады. Бұл қаланың энергокешенін қолдау шараларының нәтижесінде жүзеге асып отыр. Оған бюджеттен 12 миллиард теңге инвестиция жұмсалған болатын», - дейді Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Лариса Васильева. Оның айтуынша, былтыр экономиканың даму қарқынына негізгі капиталға деген инвестиция көлемінің 12,5 пайызға азаюы өз ықпалын тигізген. Дегенмен, құрылыс саласындағы құлдырау жылдың екінші жартысында мемлекеттің үлескерлерді қолдау шаралары мен тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруының арқасында ауыздықталды. Сондай-ақ жыл соңына дейін 1 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2007 жылмен салыстырғанда 3 пайызға жоғары.
Соңғы жаңалықтар