14:23, 24 Қараша 2015 | GMT +5
Алматыда «Оргилай» дәмханасынан өрт шықты (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Гайдар мен Шәкәрім көшелерінің қиылысында орналасқан «Оргилай» дәмханасынан өрт шықты.

Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, ғимараттың екінші қабатындағы мансард өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскі 12:38-де түскен. Өрт аумағы 60 шаршы метрді құрады.
Тілсіз жауды сөндіруге 32 адам мен 9 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. 13:28-де өрт толығымен сөндірілді.
Әзірге өрттің шығу себептері анықталып жатыр.