14:00, 11 Сәуір 2014 | GMT +6
Алматыда орталық жылудан ажырату сәуірдің 15-іне шегерілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда орталық жылудан ажырату сәуірдің 15-іне шегерілді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының энергия және жылумен жабдықтау бөлімінің басшысы Бауыржан Мұсаев мәлім етті.
«Қазгидромет» РМК алдын-ала берілген ауа райының болжамына сәйкес қала тұрғындарын орталық жылудан ажырату сәуірдің 12-сінен 15-іне шегерілді. Синоптиктердің болжауынша, Алматыда сәуірдің 13-14 күндері ылғал көп түсіп, қар жаууы мүмкін»,- деді ол.