Алматыда өз әпкесінің ұлын зорлап келген ер адам 15 жылға сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өз әпкесінің баласын зорлап келген ер адам 15 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда өз әпкесінің ұлын зорлап келген ер адам 15 жылға сотталды

«Сот шешімімен Дәркенов ҚР ҚК 121-бабы бойынша айыпты деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол жазасын қатаң режімдегі түзеу колониясында өтейтін болды. Сондай-ақ, енді оған өмір бойы бала тәрбиесімен және педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды», - деді баспасөз қызметінен.

Тергеу материалдарына сәйкес, айыпталушы 2015 жылы 7 маусымнан 2 шілдеге дейін өзінің туған әпкесінің 9 жасар ұлын жыныстық қатынасқа мәжбүрлеп келген.