Алматыда панфиловшылардың ерлігіне тағзым етіліп, Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 28 панфиловшылар атындағы саябақта Қазақстанда жасақталған 316-шы атқыштар дивизиясының Мәскеу түбінде неміс фашистеріне қарсы көрсеткен жанқиярлық ерлік жасағанына 74 жыл толуына орай, Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды.

Алматыда панфиловшылардың ерлігіне тағзым етіліп, Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды (ФОТО)

«Мұндай шаралар өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге өте қажет. Өйткені, еліміздің болашағы соларға тікелей байланысты. Сәйкесінше, жастар ата-бабаларымыздың ерлік істерінен үлгі алулары тиіс», - деді Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктері үйлестіруші кеңесінің төрағасы Мұрат Әбдішүкіров.

Ол сонымен қатар ата-бабаларымыздың өнегелі өмірі, ерлік істерін ұмытпау жастарды париоттық рухта тәрбиелуге септігін тигізетіндігін айтты.

Бүгінгі шараға Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы және Қазақстанның Қарулы күштерінің ардагерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты.