Алматыда пәтерде болған өрт салдарынан денесін күйік шалған азамат ауруханаға түсті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 7 маусым күні 16 сағат 24 минутта Алмалы ауданының Жұмалиев көшесі бойында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
None
None

Өрт сөндірушілердің шұғыл әрекетінің арқасында 4 адам құтқарылып, 65 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Тілсіз жау 16 сағат 59 минутта ауыздықталып, 17 сағат 02 минутта сөндірілді.

Оқиға салдарынан денесін әр түрлі деңгейде күйік шалған 1970 жылы туған А. Саченко есімді азамат аурухана түсті. Өрттің аумағы 25 шаршы метрді құрады. Оны сөндіруге Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 13 адам мен 4 техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар