Алматыда педагогтар үшін 48 пәтер бөлінген ипотекалық тұрғын үйдің жеке бағдарламасы жүзеге асырылуда - А.Есімов

 АЛМАТЫ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Педагог қызметкерлерге «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 635 пәтер және коммуналдық арендалық тұрғын үйлер бөлінді. 
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда Мұғалімдер күнін мерекелеу кезінде қала әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді.

А.Есімов мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, Алматыда педагогтарды қолдау мәселесіне ерекше назар аударылатынын атап өтті.

«Облигациялық қарыз аясында ипотекалық тұрғын үйдің жеке қалалық бағдарламасы құрылып, жүзеге асырылуда, ол арқылы білім беру саласының қызметкерлері үшін тағы 48 пәтер бөлінді. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен төрт миллиард теңге қарастырылған», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Әкім сондай-ақ соңғы жылдары Алматыдағы білім беру саласының қаржыландырылуы дерлік екі есеге артып, 45 миллиард теңгені құрайтынына назар аудартты. Бұл уақыт аралығында қалада білім берудің жаңа 40 нысаны салынды.

Шараның соңында қала басшысы Алматының үздік педагогтарын Құрмет грамоталарымен марапаттап, оларға пәтерлердің кілттерін табыстады.

Соңғы жаңалықтар