09:55, 09 Қараша 2011 | GMT +5
Алматыда педагогтардың І Республикалық фестивалі өтіп жатыр
МАТЫ. 9 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік білім және сауықтыру орталығында өзін-өзі тану пәні оқытушыларының І Республикалық фестивалі басталды.
Білім беру жүйесіне енгізілген өзін-өзі тану пәнінің жаппай оқытыла бастауының 1 жылдық қорытындысына арналған бұл шараға республиканың түкпір-түкпіріндегі 50-ге жуық ең үздік оқытушылар қатысуда. 3 күндік бұл фестиваль кезінде олар шеберлік-дәрістерін жүргізіп, түрлі таныстырылымдар жасайды. Сондай-ақ «Өзін-өзін тану педагогының шеберханасы» деген тақырыптағы семинар-тренинг пен «Өзін-өзі тану педагогының оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастырудағы рөлі» деген дөңгелек үстел жиындарына қатысады деп жоспарлануда.