Алматыда перинаталдық орталықтың бұрынғы директоры 27,3 млн айыппұл төледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Пара алғаны үшін сотталған Алматы перинаталдық орталығының бұрынғы директоры 27,3 млн теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда перинаталдық орталықтың бұрынғы директоры 27,3 млн айыппұл төледі

2021 жылдың маусым айында №2 Бостандық аудандық соты Алматы қаласының перинаталдық орталығының бұрынғы бас дәрігеріне қатысты қылмыстық істі қарады. Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 4 -тармағы (пара алу) бойынша сотталды.

«Сот барысында сотталушы Ғ.Б кінәсін толық мойындады, істеген ісіне өкінді, сонымен қатар процессуалдық келісімге келді, сол бойынша 6 ай ішінде 35 есе айыппұл төлеуге міндеттелді. Сот үкімімен ол мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банкте және оның департаменттерінде, реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органдарында лауазымды орында отыру мүмкіндігінен айырылды»,- деп хабарлады №2 Бостандық аудандық сотынан.

Бүгінгі күні ол 27,3 млн теңге көлеміндегі айыппұлды толық төледі. Үкім заңды күшіне енді.