Алматыда сатушылар мен сатып алушылар кездесуі өтеді

АЛМАТЫ. 11 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ертең Алматыда "Сатушылар мен сатып алушылар" кездесуі өтеді. Оны ұйымдастырып отырған «KAZNEX INVEST» Экспорт пен инвестициялар ұлттық агенттігі" АҚ-ы.

Алматыда сатушылар мен сатып алушылар кездесуі өтеді

Бұл шара Үкіметтің шикізаттық емес сектордағы отандық өндірушілерді қолдау бағдарламасы аясында өтпек. Сол себепті оған қатысатын шетелдік қатысушыларды іріктеу кезінде алғашқы кезекте қазақстандық экспортерлердің шетелге өз өнімін тарату бойынша қызығушылығы ескерілетін болады. Оған қазақстандық тауарлардың импортына ықылас білдіріп отырған алыс және жақын шет елдердің бизнес делегациялары, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус пен сауда өкілдіктері, халықаралық іскерлік қауымдастықтар мен өзге де мүдделі ұйымдар шақырылып отыр.