Алматыда семсерлесуден Қазақстанның ашық чемпионаты өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасында Қазақстанның ашық чемпионаты өтіп жатыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл байрақты бәсеке биыл Кәркен Ахметов атындағы дарынды балалардың республикалық спорттық мектеп интернатында ұйымдастырылды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 200-дей спортшы қатысуда. Наурыздың 4-інде басталған бұл дүбірлі додада қазіргі таңда жекелей сындар өтуде. Ал командалық сайыстар наурыздың 6-сында басталмақ. Наурыздың 12-сіне дейін созылатын жарысқа Виктор Дьяконов бастаған қазылар алқасы төрелік етуде.
Соңғы жаңалықтар