Алматыда серозды менингитті жұқтырғандар саны 4,1 есе өскен

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өткен жылмен салыстырғанда серозды менингитпен ауыратындар саны 4,1 есе өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда серозды менингитті жұқтырғандар саны 4,1 есе өскен

Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, жыл басынан бері Алматыда серозды менингиттің 157 жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,1%-ға артық.

«157 жағдайдың 49-ы зертханалық түрде расталды (2021 жылы – 2 жағдай): оқушылар арасында – 36,7%, ұйымдастырылмаған балалар арасында – 16,3%, мектепке дейінгі балалар ұйымына баратын балалар арасында – 42,9%, педагогтар – 2,0% және өзге контингенттер арасында 2,0% құрады», - делінеді хабарламада.

Ведомство серозды менингит энтеровирус (ішек вирусы) тектес вирустардан туындаған аурулардың арасында жиі кездесетінін хабарлады.

«Ауруды алдын алу үшін келесі қағидаларды білу қажет:

- тек қана қайнатылған немесе бутылкадағы суды ішу керек;

- тамақ ішер кезде және дәретханадан шыққан соң қолды сабынмен жуып, жеке және қоғамдық гигиенаның қағидаларын қатаң сақтау қажет;

-түшкіргенде және жөтелгенде бір рет қолданатын майлықтарды пайдалану қажет;

- жемістер мен көкөністерді қолданар алдында алдымен щеткамен, сосын қайнап тұрған сумен мұқият жуу керек;

- тек қана арнайы келісілген орындарда шомылу керек және суды жұтпауға тырысу керек;

- ауру деңгейі көтерілген кезеңде хауыздарға, аквопарктерге және ашық су қоймаларына барудан бас тарту керек;

- жеке адамдардан және сауда орындарына жатпайтын жерлерден тамақ өнімдерін сатып алмау керек;

- бөлмелерді жиі желдетіп, сулы тазалау жұмыстарын жүргізу қажет;

- ауырған балаларды бала-бақшаға және мектепке жебермеу керек», - деп ескертті ведомствода.