Алматыда Сейдахмет Бердіқұловты еске алу кеші өтті

АЛМАТЫ. 9 қараша. ҚазАқпарат - Алматы қаласында Қазақстан Жазушылар одағы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған кеш өтті.
None
None

Биылғы жылы журналист және жазушы Сейдахмет Бердіқұлов 80 жасқа толатын еді. Ол Қазақстан тарихына өзінің бүкіл өмірін спортқа арнаған жарқын журналист, публицист және қоғам қайраткері ретінде енді.

ЖОО-ны бітірген соң, Сейдахмет бірден журналистика әлеміне еніп, сөз шебері болды. Ол жастар және спорт туралы жазды. Кеште оның достары еске алғандай, Сейдахмет Бердіқұлов ұзақ жылдар бойы «Лениншіл жас» газетін басқара отырып, оны нағыз патриоттық басылымға айналдырды. Жұмыс істеген жылдары С. Бердіқұлов бүгінгі күні Қазақстан баспасөзінде табысты еңбек етіп жүрген бір шоғыр қаламы жүйрік жас авторларға өз тәжірибесін үйретті.

«Ол ерекше жазды, оның тілі мен түсіндіру тәсілі айтарлықтай ерекшеленетін. Және қазіргі уақытқа дейін спорт туралы оның өзі жазғандай ешкім жаза алмайды. Себебі, ол спорт тақырыбындағы материалдарды түсіндіруде қазақтың әдеби сөзін өте жұмсақ әрі ыңғайлы қолданатын», - деді ақын, әдебиет сыншысы Қуанышбай Құрманғали.

1994 жылы спорт журналистеріне Бердіқұлов атындағы сыйлық белгіленді. Сейдахмет Бердіқұлов өзінің соңында үздік спорт репортаждарынан басқа, бірнеше тілге аударылған кітаптарын қалдырды. Солардың арасында «Сол орамал жоғалмайды», «Жүрек ұйықтауды білмейді», «Жұмыр жердегі теңбіл доп»,«№ 3 подъезд», «Аспаннан шұға жауған күн» тәрізді туындылары бар.

Соңғы жаңалықтар