Алматыда шабуыл құрбаны бас жарақатымен ауруханаға жатқызылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алатау Гранд» бизнес орталығының маңындағы қарақшылық шабуыл кезінде зардап шеккен адамның миы шайқалған. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Алматы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматыда шабуыл құрбаны бас жарақатымен ауруханаға жатқызылды

«Оқиға орнында екі зардап шегуші жедел жәрдемге көмекке жүгінген. Біреуіне оқиға орнында көмек көрсетілді, ол ауруханаға жатудан бас тартты. Екіншісі шұғыл ауруханаға жеткізілді. Оның миы шайқалып, басы жарақаттанған. Қазір оның жағдайын дәрігерлер орташаға жақын деп бағалап отыр, науқас әлі де тексеріліп жатыр», - деді баспасөз қызметінде.

 «Бұдан бұрын ІІД бизнес-орталық маңындағы қарақшылық шабуыл фактісі бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлаған болатын.

 Еске салсақ, »Тимирязев және Марков пен Байтұрсынов көшелері бойында «Алатау Гранд» бизнес орталығының маңында адамға шабуыл жасалған. «БАҚ-тағы ақпаратқа сәйкес ВТБ банк қауіпсіздіктің күшейтілген шараларын қолданумен шаттық режімде жұмыс жасауда», - деп хабарлады банктің баспасөз қызметі. Шабуыл банк маңында орын алған.