Алматыда шағын және орта бизнес үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына арналған семинар өткізіледі

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы қаңтардың 9-ы мен 13-і аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы аясында шағын және орта бизнес үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына арналған екінші семинар өткізіледі.
None
None

Бұл ақпаратты ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Бұл семинардың мақсаты ШОБ үшін ҚЕХС-ті жан-жақты талдау мен қолдану мүмкіндігін бағалау арқылы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін әрі қарай жетілдіру, сондай-ақ, қатысушыларды Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары жөніндегі Қормен әзірленген осы стандарттардың мазмұны туралы толық ақпаратпен және оқыту бойынша материалдармен жабдықтау болып табылады.

Семинар Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары жөніндегі Қордың білім бастамасының Директоры (Лондон, Ұлыбритания) - Майкл Веллс пен Дүниежүзілік Банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша өкілі (Вена, Австрия) - Андрей Бусуйоктің, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың, кәсіби аудиторлық ұйымдардың, бухгалтерлер ұйымдарының, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар