Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне арналған алқалы жиын өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда Премьер-Министрдің орынбасары Серік Ахметовтің төрағалығымен шағын және орта бизнесті дамытуға және екінші деңгейлі банк өкілдерінің есебін тыңдауға арналған алқалы жиын өтіп жатыр,

Алматыда шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне арналған алқалы жиын өтіп жатыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бүгін төртінші рет ұйымдастырылып отырған бұл басқосуда 5 мәселе талқылануда. Біріншісі - екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіруіндегі ағымдағы ахуал. Екіншісі, дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында қайта қаржыландыруда және несие беру үдерісі мен тәртіпті реттеуде ішкі нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізу туралы. Үшіншісі, шағын несиелендіру саласында және шағын несиелік ұйымдарды «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» арқылы қаржыландыру мәселелері. Төртіншісі, кепіл ретінде жер телімдерін рәсімдеу мерзімін қысқарту. Бесіншісі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» мен екінші деңгейлі банктер арасындағы келісімге өзгерістер енгізу жөнінде. Серік Нығметұлының айтуынша, келесі жиын сәуірдің 16-сы күні Астанада өтпек. Сол себепті бүгінгі басқосуда алдағы кеңесте талқыланатын мәселелер де жан-жақты пысықталып, ұсыныс-пікірлер нақтыланбақ.