Алматыда «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалі басталды

АЛМАТЫ. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда Орталық Азиядағы жас кинематографистердің бірден-бір халықаралық байқауы саналатын ХІ «Шәкен жұлдыздары» Алматы халықаралық кинофестивалі басталды.
None
None

Бұл шараны қала әкімдігі мен «Шәкен жұлдыздары» продюсерлік орталығы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Ол 4 маусымға дейін созылмақ.

Қазылар алқасының мүшесі Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның бас редакторы Дидар Амантайдың айтуынша, биыл 32 елден мыңға жуық өтініш келіп түскен көрінеді. Олардың арасынан іріктеліп алынған 55 туынды 4 секцияда көрсетілетін болады. Оның төртеуі «Дебюттер», он жетісі «Жастар киносы», жиырма төрті «Студенттік кино», сегізі «Анимация» секциясы бойынша көрермендер назарына ұсынылады. Ал үндістандық Ашвин Кумардың «Орман», ресейлік Сергей Мирошниченконың «Рожденные в СССР, 21 год» фильмдері мен Владимир Хотиенконың көркемдік жетекшілігіндегі «Астра, мен сені сүйемін» жобасындағы 9 фильм байқаудан тыс көрсетілгелі отыр. Сондай-ақ тақырыптық көрсетілімге «Ауғанстанның жастар киносы»; Цюрих өнер университеті кино мектебінің бағдарламасы; Санкт-Петербор деректі фильмдер студиясының 80 жылдығына арналған арнайы бағдарлама; Сценаристер мен режиссерлердің жоғары курсының 50 жылдығына арналған көрсетілімдік бағдарлама; «Шар» студия-мектебінің 20 жылдығына арналған бағдарлама еніп отыр.

Соңғы жаңалықтар