Алматыда ШҚО-ның бал және ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

АЛМАТЫ. 10 қазан. ҚазАқпарат - Алматыда 11-13 қазан күндері Қазақстан Республикасы аймақтарының өзара ықпалдастығы аясында Шығыс Қазақстан облысының күндері өтеді.
None
None

Ол Достық үйінде болатын екі аймақтың кәсіпкерлерінің бизнес-форумы мен өндірістік өнеркәсіп көрмесімен ашылмақ. Келесі күні Астана алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Онда Өскемен, Зырян, Глубокое, Қатонқарағай, Ұлан, Үржар, Аягөз, Шемонайха, Көкпекті, Жарма аудандары ауыл шаруашылығы өнімдері өндірушілері өз өнімдерін нарықтағы бағасынан 20-30 пайызға арзан бағамен сатады деп жоспарлануда. Өндірішілер жәрмеңкеге 38 тоннадан астам бал, 7,5 тонна ет, 6 тонна жарма, 6 тонна қымыз, 4 тонна құс еті, 3 тонна шұжық және 3 тонна сүт өнімдерін, 2 тонна балық, 1,5 тоннадан артық өсімдік майын және 1,5 млн теңгенің панта өнімдерін ұсынады. Сондай-ақ ҚР Ұлттық кіпханасында шығармашылық интеллигенция өкілдерімен, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде студенттер мен спортшылармен кездесулер, Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында қолөнер бұйымдарының көрмесі өткізіледі. Ал шығыс қазақстандықтардың Алматы қаласындағы күндері Бибігүл Төлегенова, Ғибрат Азубаев, Майра Ілиясова, Вячеслав Ткач, Толқын Забирова, Мапруза Өтеулинова, Нұрлан Тутунов, Гүлдана Ноғайбаева, Әсел Нұрланова, Қуат Ахметжанов, Нұргүл Қабдоллаева және «Гаухартас», «Ладушки», «Еураз шоу», «Зыряночка» сияқты шығармашылық топтардың концертімен аяқталмақ.

Шығыс Қазақстан облысы аумағында мыстың 45 пайызы, мырыштың 41 пайызы, қорғаныстың 24 пайызы және алтынның мемлекеттік балансқа есепке алынған 50 кен орны бар. Өңірдің негізгі салалары түсті металлургия, атом өндірісі, агроөнеркәсіптік кешен, құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп, баламалы энергетика болып табылады. Жалпы ішкі өнім көлемі соңғы үш жылда 1,4 есеге артып, 1761,1 млрд теңгені құрады. Шығыс Қазақстанның әрбір тұрғынына аймақтық жалпы өнімнің 8,4 мың АҚШ долларынан келеді. Биыл өткен 8 айда өндірістік өнім өндірісінің көлемі 657,9 млрд. теңгені құрап, өсім өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 107,3 пайызды құрады. Ауыл шаруашылығы бойынша жалпы өнім көлемі 112,7 млрд. теңгені құрап, өсім 118,6 пайыз болды. Облыста ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша республикалық көлемнің 14 пайызы өндіріледі. Облыс ет өндіруден - 2, сүттен - 1 орын алып отыр. Соңғы үш жылда экономикаға инвестиция салымы 1,8 есеге артып, биылғы 8 айда ғана 161,3 млрд. теңгеге инвестиция жасалған. Өткен жылмен салыстырсақ, бұл көрсеткіш 20,7 пайзыға жоғары.

Соңғы жаңалықтар