Алматыда «SilkWay» сауда үйінің қасында орналасқан фаст-фуд орталығы отқа оранды - ФОТО/ ВИДЕО

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «SilkWay» сауда үйінің қасына орналасқан донер орталығы өртенді. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамедова хабарлады.
None
None

"Кешкі 19.07-де Медеу ауданы Жібек жолы-Қонаев қиылыстарында орналасқан сауда үйіндегі өрт туралы хабарлама түскен соң оқиға орнына 13 бірлік техника мен бірнеше өрт сөндіруші бағытталды. Өрт 19.29-да ауыздықталды",- деді Сандуғаш Баймұхамедова. Өрт 80 шаршы метр аумақты шарпыған. Оның айтуынша, оқиға болған жерден 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Соңғы жаңалықтар
Референдум