Алматыда соңғы бес жылда 40 білім беру нысаны салынды - қала әкімі

АЛМАТЫ. 3 қазан. ҚазАқпарат - Алматы мектептеріндегі мұғалімдер қатары жаңа оқу жылында 280 жас маманмен толықты. Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында ұстаздар күніне арналған салтанатты мерекелік шарада айтты.
None
None

«Ұстаз - ұлы мамандық. «Жартыны кітап, бүтінді данышпан еткен ұстаз» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өнегелі ісімен және парасатты білімімен егеменді еліміздің болашағы болатын ұрпақты тәрбиелеп отырған Сіздерсіздер. Кез келген адам үшін білім теңізіне жол бастайтын, үлкен өмірге құлаш жайғызатын мұғалімнің орны ерекше. Сіздердің күнделікті атқарып отырған жұмыстарыңыз тәуелсіз еліміздің нығаюына қосқан ерен еңбектеріңіз деп білемін. Бұл еңбектің өлшемін Елбасы да, ел де бағалайды», - деді А. Есімов. Шаһар басшысы мемлекет тарапынан мұғалімдердің тағылымды жұмыс жасауы үшін жақсы жағдайлар жасалып жатқанын айта келіп, бүгінгі күні қаламыздың білім ошақтарында 25 мыңнан астам мұғалім қызмет атқаратын жеткізді. Жалпы соңғы 5 жылда Алматыда 25 миллиард теңгенің 40 білім беру нысаны салынған екен. Бұл ел тарихында бұрын-соңды болмаған үлкен көрсеткіш болып отыр.

Соңғы жаңалықтар