Алматыда стенд атудан Александр Асанов атындағы мергендер клубының Гран-при жарысы өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оны ҚР Стенд және тәжірибелік ату федерациясы мен А.Асанов атындағы мергендер клубы бірігіп ұйымдастырып отыр. Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл шараға бүгін қатысушыларды тіркеудің ақырғы күні. Сәуірдің 12-сіне дейін созылатын бұл жарыс барлық халықаралық стандарттар мен Халықаралық мергендер федерациясының талаптарына сай өткізіледі. Федерациясының бас хатшысы Анастасия Давыдованың айтуынша, бұл байрақты бәсеке ұлттық құраманы жасақтау, спортшылардың рейтингін анықтау және жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өткізіледі. Оған кәсіпқой спортшылармен қатар әуесқой стенд атушылар да қатыса алады. Сайыс жекелей және командалық түрде өтеді. Командалардың құрамында ерлерде - 3, әйелдерде - 2 адамнан болады.