Алматыда студенттердің ауыл шаруашылығы бағытындағы республикалық ғылыми конференцияcы болады

Оның ішінде К.Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университеті, Белорус мемлекеттік агротехникалық университеті, К.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университеті өкілдері де бар.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, конференцияға қатысушылардың басым бөлігін Алматы гуманитарлық-техникалық университеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері құрамақ. Оған сондай-ақ, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мен Каспий қоғамдық университеті өздерінің ең үздік студенттерін жібергелі отыр. Мәселен, конференцияға тек Қазақ ұлттық аграрлық университетінен ғана ауыл шаруашылығы ғылымының әртүрлі бағыттары бойынша 500-ден астам баяндама әзірленуде.