Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда студенттердің XVI ғылыми конференциясы өтеді

АЛМАТЫ. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыда наурыздың 15-16 күндері Қазақ  ұлттық  аграрлық  университетінде студенттердің XVI ғылыми конференциясы өтеді.

Алматыда студенттердің XVI ғылыми конференциясы өтеді

Аталмыш шара алдыңғы буын ғалымдардың ізбасарлары болып келе жатқан жас буынның ғылымдағы жеткен жетістік деңгейлері мен инновациялық әлеуетін көтеру мақсатында арнайы өткізілмек.  

Қазақ  ұлттық  аграрлық  университетінің ұйымдастыруымен өтетін тәжірибелік конференцияға Алматы қаласындағы 4 ұлттық жоғары оқу орындарының студенттері  - ҚазҰАУ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті және халықаралық жоғары оқу орындары: КИМЭП, UIB, «Тұран», Қазақ-Британ университеттерінің студенттері мен жас ғалымдары, сонымен қатар К.И.Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университетінің студенттері мен жас ғалымдары қатысады.

Тек бір ғана Қазақ ұлттық аграрлық университеті студенттері мен магистранттарының ҮИИД және басқа да бағдарламалар шеңберінде дайындалған 500 баяндамасы қарастырылады.  

Конференцияның жұмысы 7 секция бойынша жүргізілетін болады. Үздік шыққан баяндамашыларға ректордың атынан бір айлық стипендия және марапаттау қағаздары мен Алғыс хаттары тапсырылады. Конференцияда үздік шыққан баяндамашылардың ғылыми жетекшілері де аталып, марапатталатын  болады.