Алматыда суретшілер көрмесі ашылады

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Ертең Алматыдағы ҚР Мемлекеттік орталық мұражайында суретшілер Алексей Волошин мен Екатерина Фищук және Маргарита Волошиналардың «Нүкте, желі, таңба...» атты көрмесі ашылады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл суретшілер 10 жылдан астам уақыттан бері қазіргі өнердің әр түрлі көрмелері мен фестивальдарына белсенді түрде қатысып келеді. Ашылғалы отырған көрме көрермендеріне 40-тан астам кескіндемелік жұмыстар және әр кезеңдердегі нұсқалық суреттер ұсынылады деп күтілуде.

Ертең басталатын суретшілер көрмесі осы айдың 30-ына дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар