Алматыда Сүйінбай даңғылында болған жол-көлік апатынан 6 адам зардап шекті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Сүйінбай даңғылының бойында, Бекмаханов көшесінің төмен жағында жол-көлік апаты болды. Соның салдарынан 6 адам зардап шекті.
None
None

Белгілі болғанындай, Audi автокөлігінің жүргізушісі жол-патрульдік полиция қызметкерлерінен қашып құтыламын деп, жол-көлік апатының орын алуына себепкер болды. Апат салдарынан 4 автокөлік зақымдалып, алты адам зардап шекті.

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының дерегі бойынша, төрт адам №4 қалалық клиникалық ауруханаға, екеуі облыстық ауруханаға жеткізілді.

Қазір оқиғаның орын алу себептері анықталып жатыр. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар