Алматыда таэквондо-до ITF-тан Қазақстанның ашық чемпионаты басталды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыдағы Достық спорт кешенінде таэквон-до ITF-тан Қазақстанның ашық чемпионаты басталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасының таэквон-до ITF федерациясының ұйымдастыруымен бұл шара биыл 20-шы рет өтіп жатыр. Онда федерацияның тұңғыш президенті Нам Юлий Мироновичтің кубогы сарапқа салынады. Екі күндік бұл байрақты бәсекенің бас төрешісі халықаралық дәрежедегі нұсқаушы (5-інші дан) Кенжехан Төлепов. Оған Солтүстік Кореяның халықаралық дәрежедегі нұсқаушысы (8-інші дан) Пе Хо Мен кеңесшілік жасауда. «Биыл бұл дүбірлі додаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300 спортшы қатысуда. Олардың 7-8 жастағылары бір топқа, 9-11 жастағылары екінші, 12-13 жастағылары үшінші, 14-15 жастағылары төртінші, 16-17 жастағылары бесінші, ал 18 жастан үлкендері алтыншы топқа жіктелген. Жеңімпаздар сәуір айында Санкт-Петерборда «Петр кубогы» үшін өтетін Әлем чемпионатына қатысады» дейді бас төреші Кенжехан Құлатайұлы.
Соңғы жаңалықтар