Алматыда таеквондодан Азия чемпионаты басталды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда таеквондодан 5-ші Азия чемпионаты өз жалауын көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда таеквондодан Азия чемпионаты басталды

Достық спорт кешенінде өтіп жатқан бұл шараны ҚР Таеквон-до ITF федерациясы ұйымдастырып отыр. Ұйымдастырушыылардың айтуынша, бүгін делегациялар мен командаларды тіркеу рәсім өтіп, төрешілер басқосуы өтеді. Қазіріг таңда онда 9 елден келген 151 спортшы тіркелді. 14-17 жастағы жасөспірімдер мен 18-ден жоғарғы жастағылар арасында өтетін бұл байрақты бәсекенің ресми ашылу рәсімі ертең өтеді. Сәуірдің 28-іне дейін өтетін бұл дүбірлі дода кезінде сондай-ақ, сәуірдің 25-інде Азия таеквон-до федерациясының конгресі өтеді.