Алматыда таэквондодан Азияның ашық кубогы басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Достық» спорт кешенінде таэквондодан (ITF) Азияның ашық кубогының сайыстары басталды.
None
None

Екі күнге созылатын турнирге Ауғанстан, Грузия, Қырғызстан, Қазақстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан 219 спортшы қатысуда.

«Бұл турнирдің басты мақсаты - шеберлікті шыңдау және өзара тәжірибе алмасу. Өйткені қазір Азия мен Еуропада таэквондоның стилдері бір-бірінен ерекшеленеді. Сонымен қатар, бұл турнирге құрметті қонақ ретінде 7 данның иегері, Әлем чемпионаты мен Әлем кубогы сайыстарының бас төрешісі нидерландылық Коос ван ден Хьювел қатысады. Ол әрі осы турнирдің директоры қызметін атқара отырып, жергілікті төрешілер арасында шеберлік сыныбын да өткізеді», - деді Ұлттық таэквондо ITF спорт федерациясының президенті Айдос Аманжолов

Айта кетелік, Азия ашық кубогы осымен екінші рет өткізіліп отыр. Бірінші рет Ташкент қаласында өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар