Алматыда тағы да нөсер жауынның салдарынан бірқатар көшелерді су басты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда тағы да нөсер жауынның салдарынан қала орталығының бірқатар көшелерін су басты. Әлеуметтік желілерде осыған байланысты фото және бейне көріністер пайда бола бастады. Бұл жолы да Жібек жолы (Арбат), Райымбек және Сайын даңғылдарының кейбір учаскелері су астында қалды.
None
None

Естеріңізге сала кетелік, үстіміздегі жылы сәуір-мамыр айларында мол жауған жаңбырдың салдарынан жеке тұрғын үйлердің аулаларын су басуына қатысты 127 дерек тіркелген болатын. Әсіресе, Алатау ауданында орналасқан Алғабас кентінің тұрғындары көп зардап шекті. 

null 

Соңғы жаңалықтар