Алматыда тау шаңғысынан сынақтық жарыс өтеді

АЛМАТЫ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қаңтардың 18-20 күндері Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында ақтық сынақ жарысы өтеді.
None
None

Онда 31 қаңтар мен 4 ақпан аралығында 7-Қысқы Азия ойындарының бағдарламасы бойынша тау шаңғысы сайыстары болады. Алғашқы күні спортшылар жаттығу жасап, негізгі сынды 19-20 күндері өткізеді. Оған алматылық 30 спортшы қатыспақ. Олардың арасында Азия ойындарында ел намысын қорғайтын Дмитрий Кошкин, Алексей Тельминов, Павел Черниченко және Екатерина Черепанова мен Людмила Федотова бар. Жалпы Азия ойындарында бас бапкер Сергей Чаадаев 8 спортшыға үміт артып отыр. Олардың бесеуі Алматы қаласынан, ал үшеуі Шығыс Қазақстан облысынан. Ұлттық құрамаға енген бұл спортшылардың бесеуі ерлер арасында, үшеуі әйелдер арасында бақ сынамақ.

Соңғы жаңалықтар