Алматыда тауар айналымының 60 пайызы шағын дүкендерде жүргізіледі

АЛМАТЫ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы қаласында тауар айналымының 90 пайызы шағын дүкендер мен базарларда жүргізіледі. Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін 2008 жылдың қорытындысына арналған алқалы жиында айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Тауар айналымының 10 пайызы ғана 200 ірі сауда орталығында жасалады. Ал 90 пайызы 30,5 мың шағын дүкендер мен базарларда жүргізіледі. Тауар айналымының жалпы көлемі Алматыда 360 миллиард теңгені құрайды. Оның 60 пайызы шағын дүкендерде жасалады. Онда ешқандай есеп, касса аппараты жоқ. Егер онда қалыпты есептеу жүйесін енгізсек, салықты кемінде 2 есе ұлғайтуға болады», дейді Ахметжан Есімов. Қала әкімінің айтуынша, оларды біріктіру арқылы құқын қорғауға болады. Өз жұмыстарын толық заңдастыру арқылы бұлар тексеруші органдардың алымдарынан құтылып, өз табысын ұлғайтуға мүмкіндік алады. Жалпы, Алматыда өткен жылы қаржы дағдарысына байланысты банктердің шағын және орта бизнесті қаржыландыруы 30 пайызға азайды. Егер бұл инвестицияны ақшаға айналдырсақ, ол 1 триллион теңгені құрайды екен.
Соңғы жаңалықтар