Алматыда Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған оқушылар олимпиадасы өтеді
Білім бәйгесі ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы, Медеу ауданының 75 жылдығына арналады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі кезде қатысушылардан өтініштер қабылданып жатыр. Сондай-ақ әділқазылар алқасы мен бақылаушылар кеңесі құрылған. Олимпиада қорытындысы бойынша Медеу ауданы әкімінің бағалы сыйлықтары мен грамоталары тапсырылады, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарына жеңілдікпен түсуге мүмкіндік берілмек.
Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, олимпиаданы өткізуге информатика пәні бекер таңдап алынбаған. Биылғы жылы ауданда бұл пәнге басымдылық беріліп отыр. Бұған дәлел биыл аудан мектептерінің бірінің базасында «Электронды күнделік» жобасы іске қосылмақ. Web-порталда аудандағы мектептер, балалар бақшалары вируталды түрде біріктіріледі. Онда оқушының жеке кабинеті, вуртуалды ата-аналар сыныбы, оқушылардың күнделігі, сабақ кестесі, сабақ үлгерімі туралы есеп, стаитистикалық мәліметтер, сондай-ақ on-line бейнекамера жұмыс істемек. Бұндай жоба қазіргі кезде шет ел мемлекеттерінде қолданылады.