Алматыда «Tech Garden Fest-2015» технологиялық фестивалі жеңімпаздарына арналған бизнес-инкубатор ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кеше Алматыда «Tech Garden» бизнес-инкубаторы ашылды. Онда алдағы 26-шы қазаннан бастап, таяуда ғана оңтүстік астанада өткен «Tech Garden Fest-2015» технологиялық фестивалінің жеңімпаздарына арналған акселерация бағдарламасы қолға алынатын болады.
None
None

Акселерация, яғни жетілдіру курсы үш айдан алты айға дейін созылады және әрбір іріктеліп алынған стартапқа арнайы даму жоспары әзірленеді. Инкубаторда негізгі инфрақұрылымнан (кеңсе, ғаламтор, феб-хостинг, бұлтты есептеулер, зертхана) басқа, әрбір стартапқа консалтингтік қолдау көрсетіледі.

«Біздің технологиялық әріптесіміз - «Қазақтелеком» компаниясының қолдауымен біз бүгін осы инкубаторды іске қостық. Мұнда ғаламтордың жылдамдығы 1,5 г/битті құрайды, яғни бұл қатысушыларға өздерінің стартаптарын толыққанды жүзеге асыруға мүмкіндік береді деген сөз», - деді «Инновациялық Технологиялар Паркі» Автономиялық кластерлік қорының бас директоры Санжар Кеттебеков.

Айта кетелік, Автономиялық кластерлік қордың жұмысы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің инновациялық саясаты аясында жүргізіледі. Алматы қаласын инновациялық орталық ретінде дамыту шеңберінде алдағы жылдан бастап, осы «Алатау» Инновациялық технологиялар паркінде жаңа бағыттар бойынша бес орталық құрылады. Олар: «Жасыл қала», «Ақылды индустрия және инфрақұрылым», «Электрондық коммерция» және «Жаңа медиа».

Бұл орталықтарды ашуға ірі трансұлттық компаниялар көмектесетін болады.

Соңғы жаңалықтар