Алматыда тек 3 компания үлескерлердің ақшасын тарта алады - қалалық прокуратура

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы прокуратурасы үлескерлерден қаржы тартуға қақысы бар 3 компанияны атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Мекеменің баспасөз қызметі хабарлағандай, көптеген құрылыс компаниялары адамдарды алдап үлескерлікке ақшасын алып келген.

Үлескерлердің құқығын қорғау мақсатында «ҚР Тұрғын үй құрылысында үлескерлік қатысу туралы» заң  қабылданды.

Заң нормалары үлескерлердің құрылыс барысындағы құқығын кепілдендіруге бағытталған.

Аталған заңға сәйкес енді құрылыс компаниялары әкімдіктің арнайы рұқсатымен ғана үлескерлердің ақшасын тарта алады.

Сондай-ақ, құрылыс компаниясы тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорының жобасына қатысуы шарт. Өйткені, бұл қор құрылыстың аяқталатынына кепілдік береді.

Бүгінгі таңда Алматыда тек 3 компания ғана үлескерлердің ақшасын пайдалануға құқылы.

«Егізбаев 7А мекенжайы бойынша 12 қабатты үйлерді (9,10 нүкте) салып жатқан, өкілетті компаниясы «Astana Realty Plus» ЖШС болып келетін «Мереке НС» ЖШС;  

Алатау ауданы Айнабұлақ шағын ауданындағы, 1-көше, №43 учаскеде (20 нүкте) үй салып жатқан «Строй Комфорт Девелопмент» ЖШС өкілеттілігіндегі «Корпорация БАЗИС-А» корпорациясы ЖШС;

Алатау ауданы Айнабұлақ шағын ауданындағы, 1-көше, №43 учаскеде (21 нүкте) үй салып жатқан «Строй Комфорт Девелопмент» ЖШС өкілеттілігіндегі  «Корпорация БАЗИС-А» корпорациясы ЖШС үлескерлердің ақшасына үй салуға құқылы», - деді баспасөз қызметінен.

Прокуратура өкілдері азаматтарға кез-келген құрылысқа үлескер болуға болмайтынын ескертіп отыр.  Ең алдымен үлескермен типтік келісім жасалуы керек. Бұл құжаттары болмаған жағдайда мәміле заңсыз деп танылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар