Алматыда теміржол ауруханасы қайта жаңғыртылады
«Абай даңғылы мен Масаншы көшесінің қиылысында орналасқан теміржол ауруханасы деп кеткен ғимарат қала әкімшілігіне берілді. Мұнда қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта мұнда оңалту орталығы пайда болады. Құрылыс жұмыстарын келесі жылдың қараша айында аяқтау жоспарланып отыр», - деді Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев таныстырылым барысында.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев оның заманауи балаларды оңалту орталығы болатынын айтты.
Нариман Табынбаевтың айтуынша, қалада бірқатар ғимараттарды қайта құру қолға алынғанын тілге тиек етті. Атап айтар болсақ, Паллиативтік көмек орталығы, 250 орындық ЖИТС орталығы, 250 орындық онкологиялық орталық, 150 орындық мүгедектерге арналған оңалту орталығы, көпсалалы клиника ( 200 төсекке арналған).