Алматыда тергеу изоляторынан қашқан қылмыскер екі айға қамалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ЛА-155/18 мекемесінен қашып, ұсталған қылмыскер екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда тергеу изоляторынан қашқан қылмыскер екі айға қамалды

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 2022 жылғы 16 қазанда сот қаулысымен тергеу органдарының С-ға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды», - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 14 қазанда тергеу изоляторынан сотталған адам қашып кеткен болатын.

Кейін оның қаладағы «Қарасу» шағынауданында ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.