Алматыда тежегіші істен шыққан 25 тонналық жүк көлігі дәмхананы қиратып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Төле би, Тілендиев көшелерінің қиылысында тежегіші істен шыққан 25 тонналық жүк көлігі дәмханаға кіріп кетті.
None
None

Бұл ақпаратты қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек растады.

Оның айтуынша, оқиға сағат 10-дарда орын алған. Алдын ала деректерге қарағанда, жүргізушісі көлігін қол тежегішке қойып, дәмханаға тамақтануға кірген.

Кенеттен ылдиға қарап тұрған көліктің тежегіші істен шығып, 25 тонналық машина төмен қарай құлдилай жөнелген.

Бірнеше метр жүрген көлік жол шетіндегі дәмханаға соғылып бір-ақ тоқтады. Абырой болғанда, бұл апаттан ешкім зардап шеккен жоқ.

Дәл қазір полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Соңғы жаңалықтар