Алматыда «Туған тілім - тірегім» фестивалі өтуде

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Қазақстан халықтары тілдерінің мерекесіне орай «Туған тілім - тірегім» фестивалі өтуде,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фестивальда әр факультеттің студенттері орыс, кәріс, қырғыз, түрік, жапон, қытай, ұйғыр, пәкістан, француз, ағылшын, араб, украин ұлттарының тілінде сөйлеп, сол ұлттың салт-дәстүрін паш етуде.

«Бүгінгі таңда еңбек нарығының сұранысына сәйкес болу үшін және түлектеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жасалып жатқан осындай игі шаралардың маңызы зор», дейді ҚазҰУ-дың Тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Назым Төлеева.

Аталмыш шара қыркүйектің 16-22-сі аралығында университеттің барлық факультетінде өткілген "Туған тілім - тірегім" атты тіл фестивалінің қорытындысы болып табылады. Мерекеге орай барлық факультетте қабырға газеттері дайындалып, тіл тақырыбында әртүрлі іс-шаралар өткізілген.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» пікірсайысы барысында бірнеше тілді жетік меңгерген студенттер «Қазақстандағы тіл саясаты» тақырыбында сөз жарыстырған. Поэзияда қаламын ұштап жүрген студенттер «Ана тілі - ардың тілі» жыр сайысында тіл тақырыбына арналған туындыларымен таныстырса, «Корейский язык в плеяде языков народов Казахстана» атты дөңгелек үстелде Қазақстандағы өзге ұлт тілінің жай-күйі баяндалған.

Сондай-ақ «Менің Отаным - Қазақстан» атты тақырыпта эссе жазу байқауы, тақырыптық ашық сабақтар, «Мемлекеттік тіл - айбыным менің» атты әдеби кеш, «Қазақ тілі - қызметтік тіл» тақырыбында дебат, «Тілге - құрмет, елге - құрмет!» атты мерекелік кеш, өзге ұлт студенттерінің арасында қазақ тілінде викторина, өлең оқу сайысы, «Қазақ тілін білу қазақстандық патриотизмнің белгісі» атты дөңгелек үстел және тағы басқа шаралар ұйымдастырылған.

Соңғы жаңалықтар