Алматыда тұңғыш рет ашық аспан астындағы заманауи өнердің «ArtBatFest-2010» атты фестивалі өтеді

АЛМАТЫ. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыдағы Арбат алаңында бірінші рет ашық аспан астындағы заманауи өнердің «ArtBatFest-2010» атты халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда тұңғыш рет ашық аспан астындағы  заманауи өнердің «ArtBatFest-2010» атты  фестивалі өтеді

Халықаралық фестивальде барлық келушілер мүсіндердің қойылымдарымен танысып, әр сенбі күні бейне және фотоарт, театр және кескіндеме апталығына қатысуға мүмкіндік алады.

Қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылатын шараның басты мақсаты - халықты қоршаған ортаны қорғау мәселесіне назар аударту.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Арбатқа Молдақұл Нарымбетов, Сәкен Нарынов, Георгий Трякин-Бухаров сынды танымал суретшілердің туындыларымен қатар, жас мүсіншілер мен суретшілердің шығармалары да қойылмақ.

Фестиваль қазан айының 2-не дейін өтетін болады.