Алматыда тұңғыш рет экокинофестиваль өтеді

АЛМАТЫ. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда 24-27 ақпан аралығында «ЭкоЧашка» атты экокинофестиваль өтеді.
None
None

Аталмыш шара қазақстандық көрермендерді шетелдік экологиялық кинолармен таныстырады. Мұндай акция елімізде тұңғыш рет өткізілмек.

Шараның ұйымдастырушылары - «Руханият» партиясы. "Фестивальге танымал қоғам қайраткерлері, экологтар, қоршаған орта саласының мамандары, сәулетшілер қатысады. Шара барысында фильм көрсетілімдерімен қатар экологиялық мәселелер де талқыланатын болады", - дейді ұйымдастырушылар.

"«ЭкоЧашканың» ерекшелігі - ол "өмірдің экологиясы" деген түсінікке шығармашылық көзқарастарымен келу синтезінде жатыр. Жас режиссерлер, суретшілер, жазушылар мен тілшілер бір уақытта әлемдік экологиялық қозғалысқа қосылуында.... Біз қоршаған ортаны қорғау - саналы таңдау екендігін және ол әрекеттер нәтижесін беретінін көрсеткіміз келеді", - дейді "жасылдар" партиясының белсенді өкілдері.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль Мәскеуде дүниеге келген. "Биылдан бастап Ресей мен Қазақстанда бір уақытта өтетін болады. Бірінші рет өткізілгелі отырған фестивальге Мәскеу экофестивалін өткізушілер Анастасия Лаукканен мен Наталья Парамонова құрметті қонақ ретінде қатысатын болады", -дейді олар.

Кинофестиваль аясында таңертеңгі және кешкі экофильмдерінің көрсетілімдері, эко-жәрмеңкелер, боди-арт және тағы да басқа экошаралары өтеді.

Соңғы жаңалықтар