Алматыда тұрғын үй өртеніп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Медеу ауданында жеке үй өртеніп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық Төтенше жағдай департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Қонысбекова хабарлады.

Алматыда тұрғын үй өртеніп жатыр

Өрт Медеу ауданындағы Кошкунов көшесіндегі 19-үйдің шатырынан тұтанып басталған. Қызыл жалын сарайдан үйге көшкен.

«Өрт жайлы хабарлама ТЖД кезекші пультіне түскі сағат 16:00-де түскен болатын. Өрт сөндірушілер 16:17-де оқиға орнына жетті. Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Әзірге басқа мәлімет жоқ», - деді Әйгерім Қонысбекова.