Алматыда түркітану мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

МАТЫ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 25 қараша күні «Көрнекті түркітанушы, ғалым, жазушы, аудармашы Немат Келімбетов және түркітану мәселелері» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған бұл шараны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ұйымдастыруда.
None
None

Конференцияға Түркияның, Қытайдың, Мысырдың, Вьетнамның, Қырғызстан сияқты тағы басқа да алыс-жақын шет елдердің көрнекті ғалымдары қатыспақ. Бұл шара кезінде Қазақстаның педагокикалық жетекші жоғары оқу орнының филология факультетінде Немат Келімбетов атындағы дәрісхана ашылады. Сондай-ақ ғалым-жазушының қазақ, орыс, украин, неміс, қытай, түрік тілдерінде жарық көрген кітаптарының тұсаукесері өтеді деп жоспарлануда.

Көзі тірісінде-ақ «Қазақтың Мересьеві» атанып кеткен Н. Келімбетовтің Қазақ әдебиетінің байырғы бастау-бұлақтарын зерттеудегі еңбегі ерен. «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» (1991 ж.), «Ежелгі дәуір әдебиеті» (1996 ж.) «Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы» (1998 ж.), «Қазақ әдебиеті бастаулары» (1998ж.), «Ежелгі әдеби жәдігерлер» (2005 ж.) сияқты зерттеу еңбектері ұлттық сөз өнерінің түп-тамыры тереңде жатқандығын даусыз дәлелдеп берген еңбектер. Ғалымның бұл бағыттағы ізденістері оны Күлтегін атындағы сыйлықтың лауреаты атандырды.

"Л.Грунцтың «Шіркін біздің Шушикент», В.Козаченконың «Найзағай», С.Ахмадтың «Көкжиек», П.Қоңыровтың «Жұлдызды түндер» романдарын төгілдіре тәржімалаған Немат Келімбетовтың көркем аудармаға қосқан үлесі де зор. Оның «Үміт үзгім келмейді» кітабы қазақ әдебиетінің абыройын асырып, ЮНЕСКО аясындағы ең мерейлі марапаттардың бірі - Еуропаның Франц Кафка сыйлығына ие болды. Бұл шығарма орыс, қытай, вьетнам, түрік, араб, неміс және басқа да тілдерге аударылды. Жақында Түркияда жазушы-ғалымның 4 томдық шығармалар жинағы жарық көріп, Ыстамбұлда және Германияда кітаптарының тұсаукесер рәсімі өткізілді", - дейді Абай атындағы ҚаҰПУ-дың акпарат баспа орталығының редакторы Әлия Асмағұлова.

Соңғы жаңалықтар