Алматыда ҰБТ шаралары үшін 182 камера сатып алынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҰБТ өткізудің шаралары қолға алынды. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда ҰБТ шаралары үшін 182 камера сатып алынды

Басқарма басшысы ҰБТ кезінде ақпараттың құпиялығы мен адами факторды болдырмау шараларын ЖОО құзырында екенін айтты.

«Аудиториялардың дайындығы, техникалық қажеттіліктерді ЖОО басшылығы қамтамасыз етеді. Қазір ЖОО-лар 182 камера, 102 ұялы телефон байланыс сигналдарын тұншықтыру құралын, 31 металл іздеу құралын, 7 рамалық металлодетектор сатып алды», - деді басқарма басшысы Гүлнар Ходжабергенова «Нұр Отан» партиясы бөлімшесінің баспасөз орталығында.

nullОның айтуынша, Алматыда ҰБТ 8 оқу орнының базасында өткізіледі.

«ҰБТ кезінде түлектерді тест тапсыру орнына жеткізу үшін ІІД қызметкерлері бөлінеді. Сондай-ақ, таңғы 8-ден бастап ЖОО базасында полиция мен жедел жәрдем кезекшілік жүргізетін болады», - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, тестілеу кезінде тәртіпті ҚР БҒМ бекіткен мемлекеттік комиссия қадағалайтын болады. Әзірге ҰБТ қашан өтетіні белгісіз. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл Алматыда мектеп түлектерінің 80 пайызы, яғни 7300 оқушы ҰБТ тапсырады.