Алматыда Ұлттық қорғаныс университеті тыңдаушыларының оқу бітіру салтанаты болды

АЛМАТЫ. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Маусымның 19-да Алматыдағы Ұлттық қорғаныс университетінде Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Нұрлан Жоламанов жеке құрамға Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған жоғары оқу орнының жаңа бастығы генерал-майор Николай Қуатовты таныстырды.
None
None

Бұл шара университет тыңдаушыларының оқу бітіру салтанатымен тұспа-тұс келді.

Ұлттық қорғаныс университетін биыл бітіретін 70 түлек «Магистр» академиялық дәрежесі бойынша «Әскери және әкімшілік басқару», «Әскери білім» мамандығын, кейбіреулері «Техникалық қамтамасыз етуді басқару», «Тылды қамтамасыз етуді басқару» және «Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық үдерістерді басқару» мамандықтарын алды. Ал қызыл дипломнан алты түлек үміткер.

Сондай-ақ мұнда Қорғаныс министрлігінің офицерлері ғана емес, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының, және де Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына мүше елдер - Қырғызстан мен Тәжікстанның өкілдері де оқуды тәмамдады.

Ұлттық қорғаныс университеті ҚР Қарулы Күштері Әскери Академиясының құқықтық иеленушісі болып табылады.

ҚР Президентінің Жарлығымен 1997 жылы Алматы жоғары әскери училищесі ҚР Қарулы Күштері Әскери Академиясы болып құрылды, ал 2003 жылы «Ұлттық қорғаныс университеті» мемлекеттік мекемесіне айналды.

Соңғы жаңалықтар