Алматыда Универсиада-2017 стелласы ашылды

«Алматы қаласының Халықаралық спорт жобалары Дирекциясы» Мемлекеттік Қоры баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Сұңқар» деп аталған балапанның бейнесі Алматыда 2017 жылы өтетін қысқы Универсиаданың символы ретінде 2012 жылы «Қанатыңды кең серпі» деген жарнамалық ұран бойынша әзірленген екен.
«Сұңқар» ескерткіші «Бүгінгі балапан ертең қанатын кең жазып, талай Олимпиаданың чемпионы болады» деген мағынаны білдіреді.
Сноубордшы және хоккейші ретінде бейнеленген стелла темір қаңқадан жасалып, шыны талшықтармен және пенопластпен толтырылған. Бұл оның мықтылығын және төзімділігін қамтамасыз етеді.
«Енді әрбір алматылық «Сұңқарды» өз көзімен көріп, қолымен ұстап, қанаты мен шоқтығын сипап, фотосуретке түсе алады. Осылайша 2017 жылы болатын Универсиадаға қолдау көрсете отырып, спорттық өмір салтын ұстана алады», - делінген мәлімдемеде.
Стелланың ашылу құрметіне орай, «MEGA Alma-Ata» и ТРК «MEGA Park» сауда ойын-сауық орталықтарының алаңдарында Универсиада еріктілері би-флешмоб ұйымдастырды. Ондағы мақсат - елімізде волонтерлік қозғалыстың күш алып келе жатқандығын, Универсиада волонтері болу көңілді де сәнді екендігін көрсету. Келушілер жастарды қолдап, олар көрсеткен би қозғалыстарын ризашылықпен орындады.