Алматыда Универсиада нысандарында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өткізіліп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі қалалық штаб Универсиада-2017 нысандарында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өткізіп жатыр. Бұл шара «Тамыз-Антитеррор-2016» деп аталады.

Алматыда Универсиада нысандарында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өткізіліп жатыр

Алматы қалалық ІІД хабарлауынша, оқу-жаттығуды өткізудегі басты мақсат - лаңкестік жағынан осал келетін нысандарда лаңкестік қауіп-қатер туындағанда қолға алынатын өзара әрекеттестік дағдыларын шыңдау болып табылады. 

Оқу-жаттығуға жеке құрамның елеулі күші мен арнайы техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар, Алматы қалалық ІІД қала тұрғындарын бұл шараға түсіністікпен қарауға және үрейленбеуге шақырады.