Алматыда университетаралық спартакиада өтіп жатыр
АТЫ. 12 наурыз. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің спорт кешенінде Алматы қаласы әкімінің ауыспалы Кубогына арналған спорттың олимпиадалық және ұлттық түрінен ІІ-ші университетаралық спартакиада басталды.
Үш аптаға созылатын спорттық шара ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған.
Спорттық сайысқа Алматы қаласының студент жастары қатысуда. Олар жеңімпаз атану үшін спорттың 9 түрінен - шағын футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, арқан тарту, бұқа тартыс, қол күресі, баскетбол, волейболдан сайысқа түседі. Бүгін 7 салмақ бойынша қазақ күресінен жарыстар, сонымен қатар, арқан тарту мен қол күресінен сайыстар өтіп жатыр.
Шараның ұйымдастырушылары - «Жас Отан» жастар қанаты, Алматы қаласы студенттерінің Альянсы, «Жасыл ел» жастар қозғалысы, Алматы Жастар Конгресі.