Алматыда «Университеттер велошеруі» өтеді
АЛМАТЫ. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматыда осы жексенбі, 15 қыркүйекте, «Қала күнін» мерекелеу аясында оңтүстік астана әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен «Университеттер велошеруі» өтеді, деп хабарлады қала басшысының баспасөз қызметінен.
Университет жастарының серпінді қала өміріндегі маңызды рөлін ескере отырып, ҚазҰУ-дың спорт және дене тәрбиесі кафедрасы, сонымен қатар спорт клубы шараға қатысқысы келген барлық студенттерді, магистранттарды, докторанттарды, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен велоспорт әуесқойларын аталған шараға қатысуға шақырады.
Қатысушылар 8.00-де жиналады. Шеру Әл-Фараби даңғылынан (Тәттімбет көшесінің бұрышы) басталып, ҚР Бірінші Президенті саябағында аялдайды.