Алматыда ұрлық пен тонаушылықтың ашылу көрсеткіші республикалық деңгейден төмен ?Ішкі істер министрі

АЛМАТЫ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда ұрлық пен тонаушылықтың ашылу көрсеткіші республикалық деңгейден төмен.
None
None
Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов бүгін Алматыда қалалық ішкі істер департаменті қызметінің 2008 жылғы қорытындысына арналған алқалы жиында осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ұрлық пен тонаушылықтың ашу көрсеткіші биыл Алматыда біршама жақсарғанымен бұл әлі де республикалық деңгейден төмен. 2007 жылы 30,5 пайыз, былтыр 36,9 пайыз болды. Ал республикадағы орташа көрсеткіш 57,7 пайызды құрайды», - дейді Б. Мұхамеджанов. Министрдің айтуынша, Алматыда орын алатын қылмыстардың үштен екісі - ұрлық пен тонаушылық. Мәселен, өткен жылы Медеу ауданында ұрлық - 30, тонаушылық - 8 пайызға, Жетісу ауданында ұрлық -12, тонаушылық - 24 пайызға, ал Алмалы ауданында тонаушылық 20 пайызға артқан. Бауыржан Әлімұлы қалалық ішкі істер департаментінің бастығы мен орынбасарына наурыздың 1-іне дейін ұрлыққа қарсы күрестің жай-күйін мәлімдеуге тапсырма берді.
Соңғы жаңалықтар